Фото: https://www.instagram.com/t_a_d_d_s_? Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман есімді келіншек өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ақпаратты Айманның мүддесін қорғайтын заңгер Ділназ М
Фото: https://www.instagram.com/t_a_d_d_s_?
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман есімді келіншек өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратты Айманның мүддесін қорғайтын заңгер Ділназ Мұхамедова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол әзілкештің әкінші жары делінген келіншектің парақшасын белгілеп, оның құқықтары мен заңды заңды мүддесін қорғайтынын жеткізді.
Маманның айтуынша, құқықтық көмек көрсету аясында соттарда ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау, сондай-ақ Интернет желісінде шындыққа сәйкес келмейтін және қорлайтын мәліметтер таратқан тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі істер қаралып жатыр.
“Бүгін үш істе жеңіп шықтық. 3 тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, азаматтық істер бойынша моральдық зиянның ақшалай өтемақысы өндірілді, талап-арыздар ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабы негізінде қанағаттандырылды және тағы 5 іс сотта қаралу сатысында тұр (әкімшілік және азаматтық іс жүргізу)” – деп жазды ол.
Заңгер анонимді немесе фейк парақшаларды қолданған жағдайда да, сот талқылауы барысында сот сұрауларын (соның ішінде тіркеу және техникалық деректер бойынша) жолдау арқылы автордың тұлғасын анықтауға болатынын ескертті.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желі қолданушыларына маңызды ақпаратты бөлісті.
“Пікір білдіру еркіндігі шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату, ар-намыс және қадір-қасиетті кемсіту, жария кеңістікте қорлау үшін жауапкершіліктен босатпайды. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша әкімшілік жауапкершілік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, моральдық зиянның өтемақысын өндіру, сот шығындарын өтеу және терістеу (жалған ақпаратты жоққа шығару) міндеті көзделген”, – деп жазды ол.