Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Бірде мұңаясың, бірде жеңілесің»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен көпті ойландырып қойды

Сонымен қатар актриса қандай рөлді сомдаса да, адамның өз болмысын жоғалтпауы маңызды екенін жеткізді.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
«Бірде мұңаясың, бірде жеңілесің»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен көпті ойландырып қойды
📷 Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial парақшасынан

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актерлік өнер мен адамның өзін тануы туралы ой қозғады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі актрисаның өмірі мың алуан тағдыр мен түрлі кейіпкердің тоғысқан жері екенін атап өтті. Оның айтуынша, актер бір ғұмырда сан түрлі образды сомдап, түрлі сезімді бастан кешіреді.

«Бір өмірде мың кейіпкерді сомдайсың. Мың түрлі эмоцияны бастан кешіресің. Бірде қуанып, бірде мұңаясың. Бірде күресіп, бірде жеңілесің», – деп жазды ол.

Сонымен қатар актриса қандай рөлді сомдаса да, адамның өз болмысын жоғалтпауы маңызды екенін жеткізді.

«Бірақ сол кейіпкерлердің арасында ең маңыздысы – өзің екеніңді ұмытпау. Өмірдегі өз рөліңді, өз болмысыңды жоғалтып алмай, жүрегіңді тыңдап, сезіміңді аялау – ең үлкен өнер», – деді Әбдікәрімова.

Жазба соңында ол ежелгі грек ойшылы Сократтың «Өзгені мың рет танығаннан гөрі, өзіңді бір рет танығаның маңызды» деген сөзін келтірді.

Ұқсас материалдар