Бестеректегі трагедия: дәрігерлер көлік қаққан оқушыны құтқару үшін қыздың миын ашты
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Ал екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Олардан бас сүйек-ми және қозғалыс-тірек аппаратының жарақаттары, ішкі ағзалардың зақымдануы анықталған, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Балалард

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Ал екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Олардан бас сүйек-ми және қозғалыс-тірек аппаратының жарақаттары, ішкі ағзалардың зақымдануы анықталған, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Балалардың жағдайы тұрақтанған соң оларды әуе көлігімен Астанаға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазір зардап шеккендердің бірінің миына күрделі нейрохирургиялық ота жасалып жатыр. Дәрігерлер ішкі ағзалардағы қан кетуді тоқтатқан.
Бұған дейін 19 тамызда Абай облысында көлік үйдің жанында ойнап жүрген балаларды басып кеткен еді. Жүргізуші рульге ие бола алмай, алты баланы қағып кеткен. Үш бала оқиға орнында көз жұмып, тағы үш бала жарақат алған.
Фото: ДСМ
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
KIMEP-тегі дау: оқытушыға қатысты жыныстық қысым айыптары
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·