Бес ұрпақ – бір таңдау: Алматы облысында 103 жастағы әже референдумға 85 жастағы ұлын, 50-дегі немересі мен шөберелерін ертіп келген
Алматы облысында 103 жастағы әже АЭС салу бойынша референдеумға келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп дауыс берді. 103 жастағы Шортанова Күлпара,

Алматы облысында 103 жастағы әже АЭС салу бойынша референдеумға келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп дауыс берді. 103 жастағы Шортанова Күлпара, оның 85 жастағы ұлы Марат, 50 жастағы немересі Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және 18 жастағы шөбересі Марал өз таңдауларын жасады.
Бүгінгі күн отбасы мүшелері үшін үлкен мәнге ие. Себебі айтулы күн ұрпақтар сабақтастығы мен ажырамас байланысын, ел ертеңіне әрбір адамның үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетті. Айта кетерлігі, 18 жасар Марал бүгін алғаш рет дауыс берді.
Шортановтар отбасы ауылдың көркеюіне қосқан үлесімен танымал. Балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызметке дейін еңбек етеді. Ұлы Марат ауылдық округ әкімі, немересі Олжас та жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет атқарса, шөбересі Бейбіт алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді. Олардың дауыс беруге қатысуы ұрпақтар арасындағы байланыстың, елді көркейту жолындағы бірліктің символына айналды.
Дауыс беруден кейін отбасы осы маңызды күнді еске алу үшін бірге суретке түсті. Ел болашағы үлкеннен кішіге дейін барша азаматтың күшімен қалыптасатынын еске салды. Жақындары мен таныстары әсерлерімен бөлісіп, қоғамның игілігі үшін дауыс беру құқығын пайдаланудың қаншалықты маңызды екенін талқылады.
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·