Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге отырады

Фото: Forbes.kz Бұл туралы депутат Абзал Құспан хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. - Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Қазақстанның бас прокуратурасы, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселен

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге отырады
Фото: Forbes.kz Бұл туралы депутат Абзал Құспан хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
- Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Қазақстанның бас прокуратурасы, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!, – дейді Құспан. 
Бұған дейін Жомарт Ертаевтың бостандыққа шыққаны белгілі болды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ертаевтың амнистия бойынша босатылғанын, пробацияда болатынын хабарлады. Айта кетейік, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев RBK банкынан 144 млрд теңге ұрлағаны үшін орташа қауіпсіздік колониясында 11 жылға сотталған еді. 2021 жылдың наурызында оған қылмыстық топ құру және алаяқтық жасағаны үшін 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның ісі бойынша тағы 35 адам сотталды. Іс 700 томнан және 46 эпизодтан тұрды. Айыптау актісі 280 бетке созылып, оны бірнеше күн бойы оқыған.

Ұқсас материалдар

Банкир Жомарт Ертаев қайтадан түрмеге отырады · Todayinfo