Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында оқырманынан келген хатты жария етті, деп хабарлайды Todayinfo . Бірнеше рет күйеуге тиіп, ажырасып үлгерген әнші өзін кіналаған әйелдің хатын жариялады. Хатта тыңдарманы әншіге қарата жағымсыз пікірлерді үнемі жазып жүрген. «Мөлдір хан

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында оқырманынан келген хатты жария етті, деп хабарлайды Todayinfo. Бірнеше рет күйеуге тиіп, ажырасып үлгерген әнші өзін кіналаған әйелдің хатын жариялады. Хатта тыңдарманы әншіге қарата жағымсыз пікірлерді үнемі жазып жүрген.
«Мөлдір ханым, сізді "байдан-байға тиіп, бала туып, түсінбеймін осыны" деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды», - деп басталған хат.
Алайда әнші табалау пікір жазған адамның оңбай қателескенін де көрсетті.
«Өмір – бумеранг дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде. Қатты қиналып отырмын. Кешірім сұраймын сізден. Мен білмей қалдым бұлай боларын!", - деп жазыпты бір ханым. Ренішім жоқ. Ажырасу – өлім емес! Алла жеңілдігін берсін! Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанымыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық», – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Ұқсас материалдар

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады · Todayinfo