Желіде Қайрат Нұртастың сұхбатынан үзінді тарады, - деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Айтуынша, отбасы әншінің еңбегінің арқасында бүгінде шалқып өмір сүріп жүр.
Желі қолданушылары әншінің бұл сөздеріне таңырқап, жаппай пікір білдірді."Олар менің ата-анам болғанына, екі бауырым Қайрат Нұртастың інісі болғанына, бала-шағам менің отбасым болғанына кінәлі емес қой. Олар күн сайын ананас пен банан жейді. Бәрінің астында машина бар, Аллаға шүкір. Оның бәрін істеп отырған мен, олар оны мойындайды", - деді Қайрат Нұртас.
"Банан мен ананас қымбаттап кетппесін", "Мынау сау кезі ме әлде ішіп алған ба", "Қайрат Нұртас болмасақ та күн сайын ананас пен банан жейміз", "Бұдан сұхбат алмай-ақ қойыңдаршы", - деді олар,деді олар.




