Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Ауылдағы әжелерін сағынып барған: Үржарда көлік таптап өлтірген балалардың жастары да анықталды

Абай облысының әкімдігінен Үржар ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен балалар туралы толық мәлімет берілді, деп хабарлайды Todayinfo. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат ал

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Ауылдағы әжелерін сағынып барған: Үржарда көлік таптап өлтірген балалардың жастары да анықталды
Абай облысының әкімдігінен Үржар ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен балалар туралы толық мәлімет берілді, деп хабарлайды Todayinfo. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алуда.
- Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары. Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды, - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.
Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріледі.
- Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер бір оқушыны аман алып қалу үшін оның миына ауыр операция жасап жатыр. Иллюстратциялық сурет

Ұқсас материалдар

Ауылдағы әжелерін сағынып барған: Үржарда көлік таптап өлтірген балалардың жастары да анықталды · Todayinfo