Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Автобус күтіп тұрған: Қарағандыда аяғы ауыр әйел аялдамада босанып қалды

Қарағанды облысында әйел автобус аялдамасында босанып қалған,   деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Жүкті келіншекті Гапеева көшесіндегі аялдамада кенеттен толғақ қысқан. Сосын келіншектің аялдамада босануына тура к

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Автобус күтіп тұрған: Қарағандыда аяғы ауыр әйел аялдамада босанып қалды
Қарағанды облысында әйел автобус аялдамасында босанып қалған, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Жүкті келіншекті Гапеева көшесіндегі аялдамада кенеттен толғақ қысқан. Сосын келіншектің аялдамада босануына тура келген. Сол маңдағы адамдар жедел жәрдем шақырған. Оқиға түскі уақытта болған.
«Көрсетілген көмек нәтижесінде анасы мен жаңа туған нәресте облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығына жеткізілді. Анасының жағдайы тұрақты. Нәресте жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр», – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ұқсас материалдар

Автобус күтіп тұрған: Қарағандыда аяғы ауыр әйел аялдамада босанып қалды · Todayinfo