Астанадағы тұрғын үйде жас жігіт асылып қалған
2025 жылғы 12 мамырда Астана қаласындағы «Кен Дала» тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай тіркелді. Кешеннің үшінші қабаты деңгейінде ер адамның денесі үйдің қасбетінде ілініп тұрған күйінде байқалған. Оқиға шамамен 15:00-де болған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Аста

2025 жылғы 12 мамырда Астана қаласындағы «Кен Дала» тұрғын үй кешенінде қайғылы жағдай тіркелді. Кешеннің үшінші қабаты деңгейінде ер адамның денесі үйдің қасбетінде ілініп тұрған күйінде байқалған. Оқиға шамамен 15:00-де болған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнынан дереу полиция қызметкерлері шақыртылып, марқұмның жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оның туыстары мен жақындарына хабар берілгені күтілуде.
102 нөміріне түскен хабарламадан кейін бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды, оқиғаның себептері мен мән-жайы жан-жақты зерттелуде.
«102 арнасына асылып тұрған ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», — делінген Астана қалалық Полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жарығым сөнді: Нұрлан Өнербай трагедияға тап болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуөтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Астане пройдут специальные тактические учения: движение будет временно ограничено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс кәсіпорындарында аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді
Жаннұр Еділбаева·