Желіде блогер Ұлдана Жиенқұл жақында дүниеден өткен аңыз адам Асанәлі Әшімов туралы шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. "Ол кісі Қыз Жібек пен Төлеген фильмінде Бекежанның рөлін сомдаған. «Қазақта «тұқымыңмен бірге құрып кет», деген кезде. Қазір
Желіде блогер Ұлдана Жиенқұл жақында дүниеден өткен аңыз адам Асанәлі Әшімов туралы шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
"Ол кісі Қыз Жібек пен Төлеген фильмінде Бекежанның рөлін сомдаған. «Қазақта «тұқымыңмен бірге құрып кет», деген кезде. Қазір менің ешқандай да тұқымым қалған жоқ, дейді. Қателеспесем үшінші әйелінен жалғыз қалған Асанәлі атты ұлы бар. Асанәлі Әшімов атамыздың баласыз қалуы - халықтың қарғысының арқасында құрып кеткен ғой. Менің бар кінәм өзімнің рөлімді өте жоғары деңгейде алып шыққаным дейді, ол кісі", - дейді блогер.
Алайда желе қолданушылары блогердің сөзіне жүйлікті.
«Көргенсіз не оттап отыр жедел түрде заңмен шара қолдану керек», «Құдай сақтасын, мына қыз не айтып отыр?! Асанәлідей тау тұлғаның өмірін талдайтындай, сен қыз кім едің?! Ол бар болғаны кино ғой, Неге осындай оттағандардың сөзін халыққа шығарады?», «Олжас деген ұлы бар, Сағидың да ұлы бар яғни тұқымы бар. Кіші ұл да соңынан туды, яғни ол ұл болмаса да ұрпағы болар еді, енді кіші ұл да ұрпағын жалғастырушы. Тұқымы құрымайды», деп жазды көпшілік.