Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ақтөбелік құтқарушылар биені мұз астынан аман алып шықты

Фото: Видеодан скрин Ақтөбе облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен жылқыны судан шығарып алды. Биені алып шығу үшін жігіттер үш сағат уақытын жұмсаған, деп хабарлайды Todayinfo. Мұз астына түсіп кеткен жылқыны тұрғындар байқап қалған. Елек өзеніне түсіп кеткен биенің тек

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Ақтөбелік құтқарушылар биені мұз астынан аман алып шықты
Фото: Видеодан скрин Ақтөбе облысында құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен жылқыны судан шығарып алды. Биені алып шығу үшін жігіттер үш сағат уақытын жұмсаған, деп хабарлайды Todayinfo. Мұз астына түсіп кеткен жылқыны тұрғындар байқап қалған. Елек өзеніне түсіп кеткен биенің тек басы ғана мұздан көрініп тұрған.
«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолдың жоқтығына байланысты айтарлықтай қашықтықты жаяу жүріп өтіп, трос арқылы жануарды мұзға көтеруге тырысты, бірақ мұз оның салмағын көтере алмады. Содан кейін кәсіби құтқарушылар биеге жағаға дейін жол ашуға шешім қабылдады. Үш сағатта құтқарылып, жақын маңдағы шаруашылықтың жылы қорасына орналастырылды», - деп хабарлады  ТЖМ баспасөз қызметі. 

Ұқсас материалдар

Ақтөбелік құтқарушылар биені мұз астынан аман алып шықты · Todayinfo