Бұл жоспар туралы Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амангүл Уристемова қала әкімі Азамат Бекет пен депутаттарға жасаған баяндамасында айтты.
Қызығы, өткен жылдың қыркүйегінде бюджет "Абай бульварында субұрқақ орнату" үшін мемлекеттік сатып алу жариялаған болатын. Алайда, 191 миллион теңге тұратын конкурс өтпей қалған. Егер қазіргі жоба сол өткен жылғы жоба болса, бес ай ішінде оның құны айтарлықтай өскен.
Ал актөбеліктер қалаға бұл қомақты қаржыға қандай субұрқақ салынатынын талқылап жатыр. Мысалы, орталық саябақтағы "отты элементтері бар қалқымалы субұрқақты" орнату 450 миллион теңгеге түскен. Ол өткен жылдың күзінде таныстырылған болатын. Оған қоса, 2024 жылы жергілікті субұрқақтарды жөндеуге кемінде 230 миллион теңге бөлінген.
Дегенмен, билік бұл жобаны кейінге қалдыруы немесе мүлдем бас тартуы мүмкін. Себебі, ел президенті бюджет қаражатын үнемдеуді талап етуде.
Коллаж: Sn.kz
Сумен аққан ақша: Ақтөбе әкімдігі қала орталығында 214 млн теңгеге фонтан орнатпақшы
Ақтөбеде жаңа субұрқақ салуға 214 миллион теңге бөлінбек. Бұл туралы Todayinfo ақпарат порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Бұл жоспар туралы Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амангүл Уристемова қала әкімі Азамат Бекет пен депутаттарға жасаға

Ақтөбеде жаңа субұрқақ салуға 214 миллион теңге бөлінбек. Бұл туралы Todayinfo ақпарат порталы Time.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·