Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Ақталмай-ақ қойсын»: Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанға тағы да шүйлікті

KEZDESU» бағдарламасына қонақ болған  Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанның фильміне қатысты айтқан сынына байланысты шудың басын ашып берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бағдарламада ол өзін сынағандарға жауап беріп, ешкімге әдейі тиісуді мақсат етпегенін айтт

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Ақталмай-ақ қойсын»: Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанға тағы да шүйлікті
KEZDESU» бағдарламасына қонақ болған  Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанның фильміне қатысты айтқан сынына байланысты шудың басын ашып берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бағдарламада ол өзін сынағандарға жауап беріп, ешкімге әдейі тиісуді мақсат етпегенін айтты.
«Бірдеңе бүлдіріп қойған жоқпын ғой. Ұятсыз, жұрт қарғайтындай жағдай емес. Тек кино туралы жеке пікірімді айттым. Сын айтылғаннан кейін, ертесі күні Мөлдір ханым өзі дайрекке жазды. Толықтай өз қателіктерін мойындап, түсіністік білдірді», — деді Бақыт Тұрман.
Әнші әрбір сөзіне өзі жауап бере алатынын, ешкімнің «қорғауына» мұқтаж емес екенін де қадап айтты:
«Мен айтқан сөзіме өзім жауап беремін. Ешкім мен үшін ақталып, жауап бермей-ақ қойсын», — деді ол.
Әлеуметтік желіде бұл жағдай қызу талқыға түсіп, желі қолданушылары екіге бөлінді: бірі Бақыттың ашықтығын қолдаса, екіншілері оның сынын артық көрген.

Ұқсас материалдар

«Ақталмай-ақ қойсын»: Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанға тағы да шүйлікті · Todayinfo