Ақордада То Ламды қарсы алу рәсімі өтті
Ақорда резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Салтанатты шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-б

Ақорда резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламды ресми қарсы алу рәсімі өтті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Салтанатты шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, ресми амандасты. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің – Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Бұл сапар Вьетнам мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған. Қарсы алу рәсімі – тараптар арасындағы достық пен әріптестікті нығайтудың бір белгісі. Алдағы уақытта қос тараптың сауда, инвестиция, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларында әріптестікті тереңдету мәселелері талқыланбақ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Жарығым сөнді: Нұрлан Өнербай трагедияға тап болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуөтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Астане пройдут специальные тактические учения: движение будет временно ограничено
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс кәсіпорындарында аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді
Жаннұр Еділбаева·