ANCAP сынағынан өткен Toyota LC Prado бес жұлдыз алды
Фото: kolesa.kz Сарапшылар жол талғамайтын көліктің қауіпсіздік деңгейін жоғары бағалады, деп хабарлайды Тodayinfo порталы. Былтыр қарашада жаңа буындағы Toyota LC Prado-ның саудасы Аустралия мен Жаңа Зеландияда басталды. Екі елде сатылатын автомобильдердің қауіпсіздік деңге

Фото: kolesa.kz
Сарапшылар жол талғамайтын көліктің қауіпсіздік деңгейін жоғары бағалады, деп хабарлайды Тodayinfo порталы.
Былтыр қарашада жаңа буындағы Toyota LC Prado-ның саудасы Аустралия мен Жаңа Зеландияда басталды. Екі елде сатылатын автомобильдердің қауіпсіздік деңгейін бағалаумен айналысатын аустралиялық ANCAP сарапшылары көлікті сынақтан өткізді.
Краш-тестке 204 ат күшіне ие 2.8 литрлік дизельді мотормен және 8 сатылы автоматпен жабдықталған 7 орынды нұсқа қатысты. Стандарт компплектацияға кеуде мен басты қорғайтын алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастығы, бүйірлік соққы кезінде жүргізуші мен алдындағы жолаушының тізе тұсын қорғайтын жастықша және ортаңғы эйрбэг кіреді.
LC Prado өзін жақсы көрсетіп, бес жұлдыз алғанымен, инженерлер бірқатар ескерту жасады. Мысалы, жартылай соққы тигенде жүргізуші орнындағы манекеннің кеудесі мен оң аяғындағы сезгекке күш түскен. Толық соққаннан кейін де электроника ұқсас нәтиже көрсетті, бұл жағдайда артқы жолаушыға күш түскен.
Нәтижесінде LC Prado-ның көрсеткіштері жүргізуші мен жолаушыны қорғау бойынша 85 %, балаларды қорғау бойынша 89 %, жаяу жүргіншілерді қорғау бойынша 84 % және электронды көмекшінің жұмысы бойынша 82 % құрады. Сынақтың қазіргі әдістемесіне сәйкес, ANCAP автомобиль суға батып кеткенде оның есік құлпы мен терезе көтергіштері істей ме, тексереді. Машина бұл сыннан да сүрінбей өтті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы әрбір отбасыдан басталады - Аида Балаева Әкелер күнімен құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жарығым сөнді: Нұрлан Өнербай трагедияға тап болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанада арнайы тактикалық оқу-жаттығуөтеді: қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Жаннұр Еділбаева·