Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алыпсатарлықпен айналысқан Майғазиев пен Еспановтың ұлдарын құзырлы органдар тексермек

Фото: instagram.com/espanov_olzhas/ Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынына билетті алып сатқандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желіде билеті бар адамдардың өзі матчқа кіре алмай қалған деген а

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Алыпсатарлықпен айналысқан Майғазиев пен Еспановтың ұлдарын құзырлы органдар тексермек
Фото: instagram.com/espanov_olzhas/ Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынына билетті алып сатқандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Желіде билеті бар адамдардың өзі матчқа кіре алмай қалған деген ақпарат тарады. Тілшілер «Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдары 50 билетті сатты деген ақпарат бар. Олар билеттерді 200 пайыздық үстеме бағамен сатқаны туралы айтылады. Бұл фактілер тексеріле ме?» деп сұрады.
«Бұл ақпаратты қазір сізден алдым. Біз тексеру жүргізуге дайынбыз. Ол үшін бізге арыз қажет. Соның негізінде біз міндетті түрде тексеру жасап, процессуалдық шешім қабылдаймыз», – деді вице-министр.
Санжар Әділов әлеуметтік желілерде осы билеттерге қатысты шағыммен таныс емес екенін айтты.

Ұқсас материалдар

Алыпсатарлықпен айналысқан Майғазиев пен Еспановтың ұлдарын құзырлы органдар тексермек · Todayinfo