Алматыда қарт әйелге жасалған шабуылға қатысты түрлі мәліметтер келіп түсуде. Бұған дейін күдіктінің аты-жөні Илья Терёнов екені, оның 26 жаста екені хабарланған. Ол бұрын кісі өлтіру және ауыр дене жарақатын келтіру фактілері бойынша сотталған. Екі жыл жазасын өтеген, деп жазады kozachkov offside арнасы.
Алғашқы қылмыстық іс барысында-ақ оның психикалық жағдайына қатысты сұрақтар туындаған. Соңғы жәбірленушіге жасалған шабуыл бейнежазбасында ер адамның еш себепсіз ұрып, тепкені байқалады.
Сондай-ақ, жақында дүкен маңындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған тағы бір видео тарады. Онда Терёновтың басқа бір әйелді аңдығаны, алайда айналада адамдарды көрген соң бағытын өзгерткені анық көрінеді.
Алдын ала деректерге сүйенсек, күдіктінің әрекеті оның қоғамға қауіпті болуы мүмкін екенін көрсетеді. Осыған байланысты тиісті органдар тарапынан сот-психиатриялық сараптама тағайындалады деп күтілуде.
Фото: скрин



