Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Алматыда троллейбус 20 жастағы жігітті басып өлтірді

Фото: видеодан скрин Алматыда жас жігіт жазым болды. 20 жастағы жігітті қоғамдық көліп басып кетті, деп Todayinfo. 13 қаңтар күні сағат 17:50-де Алматының Бостандық ауданындағы Тимирязов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты орын алды. Тимир

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Алматыда троллейбус 20 жастағы жігітті басып өлтірді
Фото: видеодан скрин
Алматыда жас жігіт жазым болды. 20 жастағы жігітті қоғамдық көліп басып кетті, деп Todayinfo. 13 қаңтар күні сағат 17:50-де Алматының Бостандық ауданындағы Тимирязов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты орын алды. Тимирязов көшесімен батыс бағытта келе жатқан 11-бағыттағы троллейбус жаяу жүргінші, 20 жастағы жас жігітті қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қазір қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас материалдар

Алматыда троллейбус 20 жастағы жігітті басып өлтірді · Todayinfo