Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр
Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Бұл туралы Todayinfo.kz сайты Алматының қала құрылысы бақылау басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба

Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Бұл туралы Todayinfo.kz сайты Алматының қала құрылысы бақылау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.
Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды.
Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.
Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 63 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Осы демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·