Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматыда МӘМС есебінен 14 млрд теңгенің операциясы жасалды

Биыл Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көрсетілген қызметтерге 97 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл туралы бүгінгі брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді. Айтуынша, жыл сайын медициналық

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Алматыда МӘМС есебінен 14 млрд теңгенің операциясы жасалды
Биыл Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көрсетілген қызметтерге 97 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл туралы бүгінгі брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді. Айтуынша, жыл сайын медициналық сақтандыру есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, хирургия және тағы да басқа профильдер бойынша мыңдаған операция жасалып жатыр. Мұндай операциялар күрделілігіне байланысты емханалар мен ғылыми орталықтар деңгейінде де жасалуы мүмкін.
«Мысалы, 2024 жылы МӘМС арқылы 128 мыңнан астам операция жасалып, оған 79,1 млрд теңге төленген. Оның ішінде жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар мен манипуляцияларға Қор 14,7 млрд теңге төледі. Сақтандырылмаған азаматтар осындай операцияларды жасататын болса қалтасынан бірнеше миллион төлеген болар еді», - деп атап өтті Ілияс Мұхамеджан.
2024 жылдың 9 айында Алматы қаласында 5200 кардиохирургиялық операция, 3300 нейрохирургиялық ота, лор-профилі бойынша 250 операция жасалған.
«Соңғы кезде артроз, артрит сынды буын ауруларының көбеюіне байланысты тізе, жамбас буындарын алмастырушылар саны күрт артқаны белгілі. 2024 жылы алматылық травматологтар осындай 3500 операция жасаған. Оған МСҚ 5,2 млрд теңге төледі», - деді филиал директоры.
Сонымен қатар, ағза алмастыру операциялары да МӘМС арқылы қаржыландырылады. 2023 жылы құны 551,8 млн теңгеден асатын 83 трансплантация жасалды. Мұндай бір ғана отаның өзі орта есеппен алғанда 7-9 млн теңге тұрады. Осы қызметтердің бәрін сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы қиындықсыз пайдаланып келеді. 2024 жылдың тоғыз айында Медициналық сақтандыру қоры алматылықтардың емделуіне  тегін медициналық көмек пакеті мен МӘМС аясында 220 млдр теңгеден астам қаражат жұмсады. Бұл жылдық бюджеттің 66%-ын құрайды. Оның айтуынша, медициналық ұйымдарға төлемдер қазір қордың e-saqtandyru ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуде. Биылғы жылдың  9 айында  сақтандырылған алматылықтар МӘМС жүйесі арқылы  жалпы құны 97 млрд теңге болатын медициналық көмек түрлерін пайдаланған. Шығынның басым бөлігі, яғни 54 млрд теңгесі стационарлық медициналық көмекке, 3,9 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленді.
«Медициналық көмекке жүгінген азаматтар тарапынан емдеу мен диагностиканың бағасы қымбат түрлері, салалық мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертхана талдауларына деген сұраныс жоғары болған. Жарты жылда аталған қызметтерге 18,1 млрд теңге жұмсалды», - деді филиал басшысы.
Филиал басшысының сөзіне қарағанда, соның ішінде компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс бұрынғыша жоғары күйінде қалып отыр. Жаплы Алматыда жасалған 80 мың КТ мен МРТ үшін 1,3 млрд теңге жұмсалды.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен күн сайын құны бірнеше миллионға жетіп жығылатын жоғары технологиялы операциялар жасалып жатыр. Биылғы  жылы Алматы қаласында осындай оталарға 14,7 млрд.теңге жұмсалыпты»,- дейді филиал басшысы.

Ұқсас материалдар

Алматыда МӘМС есебінен 14 млрд теңгенің операциясы жасалды · Todayinfo