«Тұрғындар құзырлы органдардың өз жұмысын атқармай отырғанын айтады», — делінген хабарламада.Осыған байланысты, қоғам белсенділері мен жергілікті халық Алматы облысының прокурорынан осы жайтқа назар аударып, барлық тиісті құжаттамаға толық тексеру жүргізуді сұрайды. Егер заңсыз алтын өндіру фактісі расталса, кінәлілерді заң аясында жауапкершілікке тарту қажет.
Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді
Әлеуметтік желіге тараған видеода Алматы облысы, Ұйғыр ауданында заңсыз алтын өндіру әрекеті туралы айтылады. Жергілікті тұрғындар құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағымданып, дабыл қағуда. Ақпарат көздеріміз жолдаған видеода арнайы техниканың жерді қазып, белгісіз жұмыстар жү

Әлеуметтік желіге тараған видеода Алматы облысы, Ұйғыр ауданында заңсыз алтын өндіру әрекеті туралы айтылады. Жергілікті тұрғындар құзырлы органдардың әрекетсіздігіне шағымданып, дабыл қағуда.
Ақпарат көздеріміз жолдаған видеода арнайы техниканың жерді қазып, белгісіз жұмыстар жүргізіп жатқаны анық көрінеді. Бұл жағдайға қатысты уәкілетті органның «BRAGA Group» ЖШС-не берген ресми жауабы да қоса ұсынылды.
Құжатқа сәйкес, бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос екені және ешқандай компанияға кен өндіруге рұқсат берілмегені көрсетілген. Ресми түрде жер учаскесі Кетпен ауылдық округі әкімдігінің қарамағында. Бұл дерек бейнежазбадағы көрініспен толықтай қайшы келеді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл заңсыз әрекеттерге ешкім тосқауыл қоймай отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
За клевету в Instagram жителю Актюбинской области назначили штраф в 545 тысяч тенге
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Ақтөбе университетінде педагогтерге арналған ғылыми жоба өз жұмысын бастады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқалдар дауы: Болат Назарбаевтан қалған байлыққа оның заңсыз туған балалары да таласа бастады
Айғаным Нариманова·