Алматы облысында 2 млн теңге пара алған судья мен сот приставы сотталды
️Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмысжасаған

️Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмысжасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахманова жемқорлық үшін 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·