Алматы облысында “Алатау жастары” ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
Алматы облысының жастары жеңілдікпен пәтер ала алады. Әкімдік "Алатау жастары" бағдаралмасы бойынша бүгінен бастап өтініштерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Жеңілдікпен берілетін баспана бағдаралмасына жасы 35-тен аспаған адамдар қатыса алады. Бағдарлама

Алматы облысының жастары жеңілдікпен пәтер ала алады. Әкімдік "Алатау жастары" бағдаралмасы бойынша бүгінен бастап өтініштерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Жеңілдікпен берілетін баспана бағдаралмасына жасы 35-тен аспаған адамдар қатыса алады.
Бағдарлама шарттары:
* Несие сомасы 18 миллион теңгеден аспайды;
* Бастапқы жарна - 10%;
* Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 6%;
* Несиелендіру мерзімі - 19 жыл.
Кімдер қатыса алады?
* Өтініш беру кезінде 35 жастан аспаған;
* ҚР азаматтығы бар;
* Бағдарламаға қатысушының, және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүлік болмауы керек;
* ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
* Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі - 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған);
* Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.
Өтініштерді қабылдау қазан айының 1-15 аралығында өтеді.
Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейін.
Мекенжайы: Қонаев қ., 1 шағын аудан №41, Бәйтерек БО, 1 қабат, акт залы.
Толық ақпарат алу үшін Whatsapp желісіне хабарласыңыз: +7706 628 28 06
Ұқсас материалдар

Аймақ
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Аймақ
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·