Алматы маңында жер сілкінді
Фото: zakon.kz Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 12 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 11:44-те тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46

Фото: zakon.kz
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 12 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 11:44-те тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым, Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 2,9 болды.
ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,0-ге жеткен. Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеген.
Еске салайық, 5 қаңтар күні Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Ол кездегі жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Көшенің жабайы бандиты»: депутат Ринат Зайытовтың төбелесіп, қарсыласына мылтық оқтаған видеосы тарады (видео)
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Президент Колумбии вызвал скандал фразой «Хайль Гитлер» в соцсети X
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Дела о сексуальном насилии поручили женщинам-следователям: МВД
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Аяғы ауыр қарындасына күштеп қосады»: Қазақстан сүймеген қызына амалсыз үйленуге мәжбүр жігіттердің де құқығын қорғайтын болды
Айғаным Нариманова·