Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Әумесердің әуресі: Алматы облысында есерсоқ жүргізушінің кесірінен 4 адам тіл тартпай кетті

Фото: Алматы облыстық ПД «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, Ford Mon

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Әумесердің әуресі: Алматы облысында есерсоқ жүргізушінің кесірінен 4 адам тіл тартпай кетті
Фото: Алматы облыстық ПД
«Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford көлігі түгелдей өртеніп кеткен.
«Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ПД таратқан ақпаратта.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рульде отырған немқұрайлық таныту – қайғылы жағдайларға әкеледі.

Ұқсас материалдар

Әумесердің әуресі: Алматы облысында есерсоқ жүргізушінің кесірінен 4 адам тіл тартпай кетті · Todayinfo