«Қытай тілін аздап білемін, түсінемін. Бірақ бұл жеткіліксіз. Мен оны жетілдіргім келеді, өйткені жанкүйерлерімнің қолдауын сезінемін. Қытай тілі — әлемдегі ең бай тілдердің бірі, сондықтан оны үйренуде қиындықтар бар, бірақ мен берілмеймін», — деді Димаш.
«Әлемдегі ең бай тіл»: әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне бола қытай тілін үйренбек
Қазақстанның танымал жұлдызы Димаш Құдайбергеннің атсалысуымен түсірілген Voice Beyond Horizon музыкалық тележобасы әлемдік деңгейде рекорд орнатты. Жобаның алғашқы бөлімін небәрі бір күнде 102 миллион адам тамашалап, Қытайдың барлық рейтингтерінде көш бастады, деп хабарлайды Tod

Қазақстанның танымал жұлдызы Димаш Құдайбергеннің атсалысуымен түсірілген Voice Beyond Horizon музыкалық тележобасы әлемдік деңгейде рекорд орнатты. Жобаның алғашқы бөлімін небәрі бір күнде 102 миллион адам тамашалап, Қытайдың барлық рейтингтерінде көш бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Hunan TV арнасының мәліметінше, бағдарлама CVB, CSM және CSM71 желілерінде өңірлік спутниктік арналар арасында бірінші орынға шықты. Сонымен қатар, KuYun және Huanwang рейтингтерінде де алдыңғы орындарды иеленді.
Жобаға Қытайдың ірі басылымдары мен ресми органдары қолдау көрсетті:
Жоба аясында әнші қытайлық танымал музыкалық сыншы ZIBO-ға сұхбат берді. Онда Димаш өз жанкүйерлерінің қолдауын сезіну үшін қытай тілін тереңірек үйренуге ниетті екенін айтты.
Ұқсас материалдар

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·