Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Әйел отбасын құру үшін өз әулетінен кету керек»: Динара Сәтжан күйеуі Жұмабектің тегіне өтетінін айтты

Фото: instagram.com/dinarasatzhan Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан ресми түрде некесін қидырып, отбасын құрған болатын. Бүгінде тележүргізуші күйеуінің тегіне өтуді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Әсел Ауылбекованың ютуб-каналына берген сұхб

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Әйел отбасын құру үшін өз әулетінен кету керек»: Динара Сәтжан күйеуі Жұмабектің тегіне өтетінін айтты
Фото: instagram.com/dinarasatzhan
Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан ресми түрде некесін қидырып, отбасын құрған болатын. Бүгінде тележүргізуші күйеуінің тегіне өтуді жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Әсел Ауылбекованың ютуб-каналына берген сұхбатында Сәтжан тегі үшін осыған дейін біраз жұмыстанғанын айтты.
«Мен мұны Жұмабекпен кездескенге дейін шешкенмін. Мен ұзақ уақыт бойы жалғыз болдым. Өзімнен «Мен неге жалғызбын?» деп сұрадым. Менің бар назарым «Динара Сәтжан» деген брендті дамытуда болыпты. Бірде анама «Тұрмысқа шыққанда күйеуімнің тегін аламын» дедім. Себебі мен Сәтжановтар үшін бәрін істеген сияқтымын. Енді қайын жұртыма барып, сол әулеттің атын шығарамын», - деді ол.
Тележүргізушінің айтуынша өмір тек карьерадан тұрмайды. Әйел адам отбасын құру үшін өз әулетінен кетуі керек.

Ұқсас материалдар

«Әйел отбасын құру үшін өз әулетінен кету керек»: Динара Сәтжан күйеуі Жұмабектің тегіне өтетінін айтты · Todayinfo