Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

«Әдетте Әбішұлының бастамасымен өтеді»: Тоқаев тұңғыш президенттің Путинмен кездесуі туралы пікірін айтты

Бүгін, 3 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Әбішұлының Путинмен кездесуіне тоқталды. Қайта-қайта Мәскеуге бара беретін Назарбаевтың әрекетіне баға берілді. Екіжақты кездесу Путиннің бастамасымен емес, яғни Назарбаев

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Әдетте Әбішұлының бастамасымен өтеді»: Тоқаев тұңғыш президенттің Путинмен кездесуі туралы пікірін айтты
Бүгін, 3 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Әбішұлының Путинмен кездесуіне тоқталды. Қайта-қайта Мәскеуге бара беретін Назарбаевтың әрекетіне баға берілді.
Екіжақты кездесу Путиннің бастамасымен емес, яғни Назарбаевтың ұсынысымен өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар. Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн. Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды», — деді Президент Тоқаев.

Ұқсас материалдар

«Әдетте Әбішұлының бастамасымен өтеді»: Тоқаев тұңғыш президенттің Путинмен кездесуі туралы пікірін айтты · Todayinfo