«Абайдың тойын кемпірдің кө..імен ашып...»: белгілі әнші Лопестің концертін Абайдың 180 жылдығымен қатар қойған билікті сынады
Белгілі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай америкалық Дженнифер Лопестің Астанада өткен жеке концерті туралы пікір білдірді. Әнші өз жазбасында Лопестің концертінің Абай тойымен қатар қойылғанына ренішін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo. Әнші елде рухани жағдайды көтеретін ауқымды

Белгілі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай америкалық Дженнифер Лопестің Астанада өткен жеке концерті туралы пікір білдірді. Әнші өз жазбасында Лопестің концертінің Абай тойымен қатар қойылғанына ренішін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.
Әнші елде рухани жағдайды көтеретін ауқымды, ұлттық деңгейде Абайдың 180 жылдығы өткелі жатқанда жалаңбұт әйелді шошаңдатып қойған ел билігіне ренішін жеткізді.
Ұлы Абайдың 180 жылдығының шымылдығы америкалық әнші, эротикалық әндерімен, жалаңаш денесімен танымал Дженнифер Лопестің концертімен ашылса, ол һакім Абайдың тойының жабылуына тағы келмек. 10 тамыз күні Лопес Алматыда концерт өткізеді.
«Біз гонорар сұрасақ – жылайсыңдар,
Өсек қылып әркімге ұнайсыңдар.
Ал жатқа төгесіңдер миллиондарды,
Соңынан елге өтірік құрайсыңдар.
Жалаңаш көтке миллиондар шашып жатып,
Неге бізден тегін өнер сұрайсыңдар?
Әлемге даңқы кеткен өнерімді,
Көттеріңе қарамай сынайсыңдар.
Бұл өнерім Қорқыттан келе жатыр,
Киесі атып бір күні құлайсыңдар!
Ал әзірше құл-құтаным құтыра түс,
Бұл күнде қор қазаққа – Күн, Айсыңдар,
Күн, Айлығың құл-құтаным сол емес пе,
Сарт-сауан, арабпенен сыбайсыңдар.
Жер жаһанның кемпір-сампырын жиып алып,
Алды-артын гонорармен сылайсыңдар.
Өзіңді теуіп өзекке, жатты жарылқап,
Ал қашан өздеріңді сыйлайсыңдар?
....Абай тойын кемпірдің көтімен аштың,
Дұрыс па, осыларың – Құдайсыздар?!
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·