Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

85 экстремистік қылмыс ашылды - ІІМ

2024 жылы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністері діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу сияқты 85 қылмысты анықтады, деп хабарлайды Todayinfo. Діни қатынастар саласындағы және тыйым салынған материалдарды таратуға байл

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
85 экстремистік қылмыс ашылды - ІІМ
2024 жылы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністері діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу сияқты 85 қылмысты анықтады, деп хабарлайды Todayinfo. Діни қатынастар саласындағы және тыйым салынған материалдарды таратуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Тергеу нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды. 18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 қару және 10 келіден астам есірткі тәркіленді», — делінген Polisia.kz хабарламасында.
Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауға ерекше назар аударылды. Жыл бойы 9930 нысанның қауіпсіздік шараларының жағдайы тексеріліп, оның нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 3581 нұсқама енгізіліп, 1244 әкімшілік хаттама жасалды.

Ұқсас материалдар

85 экстремистік қылмыс ашылды - ІІМ · Todayinfo