84 жастағы ақсақалды марафонға қабылдаған: Алматыда жүгіруге қатысқан екі адам ажал құшты
Алматыдан өткен жүгіру марафоны кезінде екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo . Almaty Half Marathon жарысы кезінде 21,1 шақырымдық қашықтықта жүгіріп шығуға тырысқан екі ер адам қайтыс болды. Марқұмдардың бірі - 84 жастағы Аққоян Ырысалиев, екіншісі - 21 жастағы Нұрбол Ах

Алматыдан өткен жүгіру марафоны кезінде екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.
Almaty Half Marathon жарысы кезінде 21,1 шақырымдық қашықтықта жүгіріп шығуға тырысқан екі ер адам қайтыс болды. Марқұмдардың бірі - 84 жастағы Аққоян Ырысалиев, екіншісі - 21 жастағы Нұрбол Ахмади.
Аққоян Ырысалиев жарыстың алғашқы шақырымында өзін жайсыз сезініп, құлаған. Оқиға орнына дереу жеткен медицина қызметкерлері оның жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.
Ал Нұрбол Ахмади 16-шақырымда есінен танып, құлаған. Оған көрсетілген реанимациялық шаралар көмектеспеді.
Алдын ала болжам бойынша, қос жағдайға да өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болуы мүмкін.
Қайтыс болғандардың нақты өлім себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.
Жарысты ұйымдастырған «Смелость быть первым» қоры марқұмдардың отбасына көңіл айтып, материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Фото: almaty-marathon.kz
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·