8 миллион теңге талап еткен: Ақтаулық блогерлердің эротикалық видеосына қатысты мәселе жалғасын тапты
Желіде жұртқа “Хан” лақап атымен танымал ақтаулық блогердің интим видеосының тарап кетуіне байланысты іс әлі де қаралып жатыр. Істе күдікті ретінде аталған кәмелетке толмаған мобилографтың анасы ұлының кінәсі жоқ екенін айтып, керісінше қысымға ұшырағанын мәлімдеді, деп хаба

Желіде жұртқа “Хан” лақап атымен танымал ақтаулық блогердің интим видеосының тарап кетуіне байланысты іс әлі де қаралып жатыр. Істе күдікті ретінде аталған кәмелетке толмаған мобилографтың анасы ұлының кінәсі жоқ екенін айтып, керісінше қысымға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдің айтуынша, 16 жастағы ұлы асабаның түсірілімінде небәрі бірнеше күн ғана жұмыс істеген, алайда еңбекақысын алмаған. Бұдан бөлек, анасының сөзінше, жасөспірімге уәде етілген такси де шақырылмаған, соның салдарынан ол үйіне өз күшімен қайтуға мәжбүр болған.
Ол видеоны ешкім ұрламағанын алға тартты. Анасының айтуынша, жазбаны телефон иесінің өзі абайсызда жіберіп қойған. Сондай-ақ жасөспірімнің туыстары істі тоқтату үшін олардан 8 миллион теңге талап етілгенін, бұған қоса көпшілік алдында кешірім сұрауды да міндеттеп отырғанын жеткізді.
Әйел өздерінің кешірім сұрамайтынын айтты. Оның сөзінше, олар мұндай жазбаларды кімге жіберіп жатқанын өздері қадағалауы керек еді, ал енді бар кінәні кәмелетке толмаған ұлына жабуға тырысып отыр.
Жасөспірімнің анасы бұл жағдайдың отбасы үшін өте ауыр салдары болғанын да айтты. Оның сөзінше, күйзелістің салдарынан өзі жүктіліктің соңғы кезеңінде баласынан айырылған.
Қазір іс сотқа жолданған. Жасөспірім 11-сыныпта оқиды және ҰБТ-ға дайындалып жүр. Оның отбасы бұл жағдай баланың болашағына кері әсер ете ме деп алаңдайды. Сондай-ақ әйел полиция бөлімінде өздерін видеоға түсірмеуді сұрағанын айтты. Себебі ұлының кінәсі әлі дәлелденбеген. Алайда келесі күні олар түсіп қалған видео желіде тарап кеткеніне назазылық білдірді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·