«Соңғы есептеуден кейін қаза тапқандар саны 46 –ға жетті, тағы 10 адам жарақат алды», - деді Хартум аймақтық үкіметінің баспасөз қызметі.Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқандар саны 19 адамға жеткенін хабарлаған еді. Алайда, құрбандар саны әлдеқайда көп болып шықты. Куәгерлер қатты жарылысты естігендерін және ұшақ құлаған аймақта көптеген үйлердің бүлінгенін мәлімдеді. Апат сонымен қатар жақын маңдағы аудандарда электр қуатының үзілуіне әкелді. Құтқарушылар жаралыларды шұғыл эвакуациялады, олардың арасында балалар да бар. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
46 адам қаза тапты: Әскери ұшақ апатқа ұшырады
Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 46 адам қаза тапты. Ұшақ елді мекеннің жанында орын алған. Қаза тапқандардың арасында жоғары дәрежелі әскери офицерлерден бөлек балалар да бар, деп хабарлайды Todayinfo. DW мәліметінше, апат ел астанасының солтүстік-батысындағы Омдурман қаласынд

Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 46 адам қаза тапты. Ұшақ елді мекеннің жанында орын алған. Қаза тапқандардың арасында жоғары дәрежелі әскери офицерлерден бөлек балалар да бар, деп хабарлайды Todayinfo.
DW мәліметінше, апат ел астанасының солтүстік-батысындағы Омдурман қаласында орналасқан Суданның ең ірі әскери базаларының бірі - Вади Сейдн авиабазасының жанында болды. Армиянның хабарлауынша, «Антонов» әскери ұшағы ұшу кезінде апатқа ұшыраған. Қаза тапқандардың арасында әскери адамдар да, бейбіт тұрғындар да бар.
Ұқсас материалдар

Әлем
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Әлем
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Әлем
NYT: АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша принципті келісімге келді
Todayinfo редакциясы·

Әлем
Иранға қатысты шешім: Трамп әскери әрекеттерді қайта бастау мерзімін атады
Todayinfo редакциясы·