Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

«300 млн теңге бөлген»: Шымкент әкімдігін сынға алған Мөлдір Әуелбекова жазаға тартылуы мүмкін

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өнер өкілдеріне қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. “Той-думан” радиосының фестивалі өтеді екен. Шымкент 300 миллион теңге бөліпті. Әншілерге тегін қатысыңдар деп хабарласып тұр. М

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«300 млн теңге бөлген»: Шымкент әкімдігін сынға алған Мөлдір Әуелбекова жазаға тартылуы мүмкін
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өнер өкілдеріне қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
“Той-думан” радиосының фестивалі өтеді екен. Шымкент 300 миллион теңге бөліпті. Әншілерге тегін қатысыңдар деп хабарласып тұр. Мен қарсымын. Көрермен әншіге келеді. Неге әншінің еңбекақысын төлемейсіздер?!”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 
Одан кейін “Той-думан” радиосы әншіні жалған ақпарат таратып отыр деп айыптады.
“Әуелі 200-300 миллион теңге деген соманы дәлелдеуіңізді сұраймыз. Шымкент қаласы әкімдігі фестивалді алаң, өрт сөндірушілер, полиция, жедел жәрдем секілді қызметтерімен қамтамасыз етеді. Бірақ сіз атап отырған сома ешқашанда болған емес. Бұл жазбаңыз “Той-Думан” телерадиокорпорациясы мен Шымкент қаласы әкімдігіне қатысты жалған ақпарат таратып, халық арасында наразылық тудырып отырсыз. Әрі қарай сізбен біздің заңгерлер тілдесетін болады”, – деп жазды аталған радионың өкілі. 

Ұқсас материалдар

«300 млн теңге бөлген»: Шымкент әкімдігін сынға алған Мөлдір Әуелбекова жазаға тартылуы мүмкін · Todayinfo