24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған
Бразилияда 24 жастағы бойжеткен бірнеше пластикалық операциядан кейін қайтыс болды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жергілікті полиция хирургтың әрекетін тексеруді бастады, деп хабарлайды Todayinfo LADbible басылымына сілтеме жасап. Вивиане Лира Монт есімді жас әйел Сеа

Бразилияда 24 жастағы бойжеткен бірнеше пластикалық операциядан кейін қайтыс болды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жергілікті полиция хирургтың әрекетін тексеруді бастады, деп хабарлайды Todayinfo LADbible басылымына сілтеме жасап.
Вивиане Лира Монт есімді жас әйел Сеара штатындағы Собрал қаласында орналасқан клиникада операцияға жазылған. БАҚ дерегінше, ол хирургты интернет арқылы тапқан. Хирург бір күн ішінде оған сегіз сағатқа созылған алты косметологиялық процедура жасаған.
Операциядан кейін бар болғаны 15 сағат өткенде науқасты үйіне жіберген. Алайда отбасы мүшелері қыздың жағдайы сол сәттен бастап күрт нашарлағанын айтады. Қатты ауырсыну пайда болған соң, олар Вивианені жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген. Кейін ол реанимация бөлімшесіне ауыстырылды, бірақ үш апта бойы ауыр халде жатқан бойжеткен көз жұмды.
Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары хирургтың іс-әрекетін тергей бастады. Медициналық процедуралардың заңдылығы мен пациентке көрсетілген қызмет сапасы тексерілуде.
Фото:Freepik
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·