Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Махаббат болмаса бірге тұрудың қажеті жоқ»: атақты Александр Емелья́ненконың әйелімен ажырасуы ресейліктердің талқысына түсті

Танымал ресейлік жекпе-жек шебері Александр Емельяненко жұбайы Полинамен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Өткенді ескі жылда қалдырамыз. 2026 жылға жаңа бетпен қадам бастық. Біз П

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Махаббат болмаса бірге тұрудың қажеті жоқ»: атақты Александр Емелья́ненконың әйелімен ажырасуы ресейліктердің талқысына түсті

Танымал ресейлік жекпе-жек шебері Александр Емельяненко жұбайы Полинамен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

«Өткенді ескі жылда қалдырамыз. 2026 жылға жаңа бетпен қадам бастық. Біз Полинамен ажырастық. Баршаңызға жақсы көңіл күй тілеймін», — деп жазды Емельяненко.

Атақты спортшының жаңа жыл қарсаңында жариялаған бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Емельяненконы соңғы жылдары қаржылық қиындықтар мен денсаулығындағы мәселелерден кейін әйелі тастап кеткенін алға тартып, Полинаны сынға алды.

Желіде «ақшасы таусылған соң кетіп қалды», «қиын кезде қасында болмады» деген пікірлер жиі кездеседі. Алайда басқа бір топ қолданушылар керісінше, ажырасуды өмірлік таңдау ретінде қабылдап, «махаббат болмаса, бірге тұрудың қажеті жоқ» деген пікір білдіруде.

Сонымен қатар спортшыны қолдаушылар да аз емес. Олар Александр Емельяненконың спорттағы еңбегін атап өтіп, моральдық қолдау білдіріп жатыр.

Айта кетейік, кезінде аты дүркіреген жекпе-жек шебері соңғы жылдары жарақат пен денсаулық мәселелеріне байланысты спорттан алыстап, бірнеше рет ем қабылдаған болатын.

Ұқсас материалдар

«Махаббат болмаса бірге тұрудың қажеті жоқ»: атақты Александр Емелья́ненконың әйелімен ажырасуы ресейліктердің талқысына түсті · Todayinfo