100 жылдық мерейтой: Б.Соқпақбаевқа арналған кітап шықты
Райымбек ауданы қазақ әдебиетінің Хантәңірі атанған Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығын кең көлемде атап өтуді бастады. Балалар әдебиетінің классигіне арналған мерейтойлық іс-шаралар легі аудандық Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде өткен «Болмысы бөлек Бердібек» атты салтанатты жиы

Райымбек ауданы қазақ әдебиетінің Хантәңірі атанған Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығын кең көлемде атап өтуді бастады. Балалар әдебиетінің классигіне арналған мерейтойлық іс-шаралар легі аудандық Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде өткен «Болмысы бөлек Бердібек» атты салтанатты жиынмен жалғасын тапты.
Мерекеге жиналған қауым алдымен жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрмемен танысты. Салтанатты жиынның шымылдығын «Бердібек әлеміне саяхат» атты театрландырылған қойылым ашты. Қойылымды қойған режиссер Сержан Молдасан. Сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Қаптағаев, Ерлан Біләл, Еркебұлан Дайыров сынды танымал актерлер өнер көрсетті.*Жазушы рөлін сомдаған Ербақ Құрманжанұлы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жиын барысында Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен жарық көрген Бердібек Соқпақбаевтың төрт томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Қайратұлы жиналғандарға облыс әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының құттықтау лебізін жеткізді. Сондай-ақ, жазушының қызы Самал Соқпақбаева, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп, Бердібек Соқпақбаевтың қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталды.
Кеш барысында өнер жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салып, мерейтой иесінің рухына тағзым етті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Казахмыс» наращивает геологоразведку в области Ұлытау и удваивает объемы бурения
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытау облысында геологиялық барлауды күшейтіп, бұрғылау көлемін екі есеге арттыруда
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Меккеге барып кешірім сұрадым»: Атырауда қайынжұртын қырып салған күйеубала өз шындығын айтты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
«Қиын күндерді бастан өткердік»: Инга Иманбай оппозиядан шеттетілген күйеуіне қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·